– Мен Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университетінің жалпы медицина факультетінде білім алғанмын. Әкем де осы оқу орнын тамамдап, өмір бойы ауыл халқының денсаулығына еңбек еткен ақ халатты абзал жан. Кішкентайымнан әке жолын қууды армандап, дәрігерлік жолға келдім. Еңбек жолымды Семей қаласындағы «Венера» клиникасында түнгі кезекшіліктен бастап, ары қарай резидентураны 2016 жылы тамамдап, сол клиникаға педиатр маман болып жұмысқа тұрдым. 2019 жылы Алматы қаласына көшіп келіп, №2 қалалық аурухананың пульмонология бөлімінде бір жыл жұмыс істедім. Ыстанбұл қаласында тәжірибемді арттырған соң, осы бөлімнің меңгерушісі болдым. 2020 жылдың қыркүйек айында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жалпы педиатрия бөліміне педиатр маманы болып жұмысқа тұрдым. Биыл осы орталықта еңбек еткеніме 10 жыл толып отыр. Жоғары санатты педиатр, балалар гастроэнтерологі болып осы бөлімде қызметімді жалғастырып келемін. Ұдайы халықаралық клиникалық зерттеулерге қатысамын.