Бөлім балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған көмек көрсету мақсатында 1993 жылы құрылған.
60 төсек-орындық Республикалық балалар онко-гематологиялық орталығы (РБОГО) 1993 жылдың мамыр айында «КЭР-Германия» қайырымдылық ұйымының көмегімен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жанындағы «Қайырымдылық және денсаулық» халықаралық қорымен ынтымақтастық шеңберінде ашылды. Бөлімнің негізгі мақсаты – химиотерапияның стандартталған бағдарламаларын енгізу, ілеспе терапияны жетілдіру, Қазақстан Республикасында онкологиялық дертке шалдыққан балалардың өміршеңдігін арттыру болып табылады.
№4 онкология/гематология бөлімі 22 төсек-орынға арналған. Онда 0-18 жас аралығындағы онкологиялық және гематологиялық патологиясы бар балаларды диагностикалау және емдеу жүргізіледі, сондай-ақ балалар онкологтары/гематологтарын даярлау және қайта даярлау үшін клиникалық және ғылыми база болып табылады.
Бөлім жұмысының негізгі қағидаттары жоғары кәсіпқойлық, қайырымдылық және пациенттің жеке басы мен құқықтарын құрметтеу.
Бөлім дәрігерлері шетелдің жетекші клиникаларында тағылымдамалардан өткен.
Балалар жасындағы қатерлі ісіктердің барлық нозологиялық түрлерінде ісікке қарсы, жоғары дозалы химиотерапия жүргізіледі. Химиотерапияның төзімділігін жақсарту мақсатында ілеспе терапияға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ химиотерапияның ерте және ұзақ уақыт өткеннен кейін болатын асқынуларының алдын алу жүргізіледі, осының нәтижесінде пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға әкеледі.
Балалар ата-анасының біреуімен 1-2 орындық жайлы палаталарға жатқызылады. Бөлмелер теледидар, душ, жуынатын бөлмелермен қамтылған. Балалардың емделуімен бірге тәрбиешінің басшылығымен арнайы жабдықталған ойын бөлмесінде шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндіктер жасалған. Оқыту және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Клиникалық психолог пен еріктілердің күшімен пациенттер мен олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсетіледі.
Бөлімнің байланыс телефоны: 8 (727) 269 73 14
8 (727) 269 73 15
![]() |
Омарова Гүльнар Ербосынқызы – No4 онкология/гематология бөлімінің меңгерушісі. 1999 - 2005 жж. С.Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде «Педиатрия» мамандығы бойынша оқыды. 2006 ж. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. 2006-2010 жж. Педиатрия және хирургия ғылыми орталығында онкогематология №3 бөлімінде жұмыс істеді.2010-2022жж. KF UMC Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының (Астана қаласы) №1 онкология бөлімінде қызмет жасады. 2022 жылдан бастап Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында №4 онкогематология бөлімінде жұмыс істейді |
![]() |
Ремкулова Мұхаббат Ахметжанқызы – №4 онкология және гематология бөлімінің жоғары санатты дәрігері, балалар онкологы/гематологы.2011-2013 жж. ҚМУ-де педиатрия мамандығы бойынша интернатура.03.10.2013 жылдан бастап Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында онкогематолог дәрігері болып жұмыс істейді.Білімі: 2014 жылы БАҰО РМК «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті;2015 жылы Ұлттық балалар онкологиясы және гематология орталығында «Балалар онкологиясы мен гематологиясының өзекті мәселелері» курсы бойынша біліктілікті арттыру; 16.08.2016 жылы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дмитрий Рогачев атындағы балалар онкологиясы және гематологиясы федералды ғылыми орталығы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінде «Балалар онкологиясы мен гематологиясының өзекті мәселелері» курсы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен.2021ж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесі қосқан үлесі «Құрмет грамотасымен», 2024 жыл - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. |
![]() |
Байбадилова Айнұр Отарбайқызы - №4 онкология және гематология бөлімінің дәрігері, балалар онкологы/гематологы.2006-2012 ҚРМУ Педиатрия мамандығы.2012-2013 ҚРМУ «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.2016 ж. – КаМУНО педиатриялық онкологиялық гематология мамандығы бойынша біліктілігін арттыру.Жұмыс тәжірибесі:2013-2014 жж. ҚРМУ балалар аурулары кафедрасының ассистенті.2014 жылдан - Ұлттық балалар хирургиясы орталығының №4 онкогематология бөлімшесінің онколог/гематологы. |
![]() |
Алпарова Ақбота Талғатқызы - №4 онкология және гематология бөлімінің дәрігері, балалар онкологы/гематологы. 2006–2012жж. — Қазақстан-Ресей медициналық университетінің педиатрия факультетінде оқыды. 2012–2013 жж.— «Педиатр» мамандығы бойынша интернатура. 2019 жыл — «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандығы бойынша «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-да қайта даярлау.2014–2019 — «НСК» АҚ РҚС МС бас маманы. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының №4 онкогематология бөлімшесінде жұмыс істейді. |
![]() |
Махмудова Мақпал Ыдырысқызы - №4 онкология және гематология бөлімінің дәрігері, балалар онкологы/гематологы. 2009 – 2014жж. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде "Жалпы медицина" мамандығы бойынша білім алды. 2016ж. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде "Педиатрия" мамандығы бойынша интернатураны тәмамдады. 2018 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде резидентураны «Педиатрия» мамандығы бойынша аяқтады. 2018-2023 жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында №3-онкогематология бөлімінде, 2023-2025 жылдар аралығында Биостатистика бөлімінде жұмыс істеді.2024 жылы «Онкология және балалар гематологиясы» мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтады. 2025 жылдан бастап Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында №4 онкогематология бөлімінде жұмыс істейді. |
![]() |
Алдабергенова Сайра Алдабергенқызы - № 4 онкология / гематология бөлімінің аға мейірбикесі. Білімі: орта медициналық, "Авиценна"Семей медициналық колледжі. Факультет: Мейірбике ісі. Жұмыс тәжірибесі: 2005 жылдан 2008 жылға дейін Семей қаласының жұқпалы балалар ауруханасында медбике. 2012 жылдан 2014 жылға дейін ПБХҒО, жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімінде мейірбике. 2014 жылдан 2015 жылға дейін ПБХҒО, онкология/гематология реанимация бөлімінде медбике-анестезист. 2016 жылы № 4 онкология және гематология бөлімінің Аға медбикесі қызметін атқарады
|








