|
Нәрестелерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі 6 төсек орынға жабдықталған және Қазақстанның барлық өңірлерінен нәрестелер мен шала туылған балаларға мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге беймделген бөлімше. Бөлімшеде ауыр туа біткен ақаулары, хирургиялық және соматикалық аурулары бар нәрестелер, соның ішінде пневмония, гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия, тұқым қуалайтын ақуыз алмасуының бұзылуы және басқа да күрделі аурулары бар нәрестелер ем алады. Шала туылған нәрестелерге, соның ішінде салмағы өте төмен және төмен болып туылған нәрестелерді күтуге ерекше назар аударылады. Бөлімшеде емдеу мен диагностиканың заманауи әдістері қолданылады, соның ішінде эндоскопиялық операциялар, шала туылған нәрестелер ретинопатиясы кезіндегі торлы қабықтың лазерлік коагуляциясы. Біздің ұжым-өз ісіне берілген және кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отыратын тәжірибелі, жоғары білікті мамандар тобы. Біз неонаталдық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын негізге ала отырып, ең ауыр науқастарға тәулік бойы сапалы күтім көрсетуді және қолдауды қамтамасыз етеміз. Бөлімшенің байланыс нөмірі: 8 (727) 299 10 79 |
|
|
|
Бердиярова Гулбану Сансызбайқызы Жоғары санатты балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері, м.ғ.к. 2025 ж. бөлім меңгерушісі. 2020-2021 жж., «ҚДСЖМ» Қазақстандық Медицина увниверситеті, магистратура «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2006-2009 жж., Cанкт-Петербургтік Мемлекеттік Педиатриялық Медициналық Академия, аспирантура, Анестезиология, реаниматология және шұғыл педиатрия кафедрасында 2004-2005 жж., ҚММА, интернатура, балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері 1998-2004 жж., ОҚММА, педиатрия факультеті
|
|
|
Урстемова Кәмшат Қабылбекқызы Жоғары санатты дәрігер неонатолог, балалар анестезиолог – реаниматологы. ПБХҒО 2006 ж бастап қызмет атқарады. 2011-2014 жж., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ неонатолоия кафедрасында PhD докторантура 2011-2013 гг., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, резидентура «неонатология». 2009 ж. балалар анестезиология-реаниматологиясы бойынша кәсіби қайта даярлау 2005-2006 гг., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интернатура 1999-2005 гг., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия факультетінің түлегі
|
|
|
Адуова Гульзира Турысканқызы Жоғары санаттағы неонатолог дәрігер. ПБХҒО 2023 жылдан қызмет атқарады. 2012-2013 жж. КеАҚ «Семей медицина университеті», интернатура «Педиатрия» 2015 ж. КеАҚ «Семей медицина университеті», неонатология, кәсіби қайта даярлау 2006-2012 жж., КеАҚ «Семей медицина университеті», бакалавриат |
|
|
Ордабаев Шалкар Берикұлы Екінші санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері, ПБХҒО 2025 ж. қызмет атқарады. 2019-2022 жж., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, резидентура «Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар» 2014-2016 жж., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, интернатура 2009-2014 жж., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, бакалавриат
|
|
|
Қуаныш Сабира Ерланқызы Дәрігер анестезиолог-реаниматолог, ПБХҒО 2025 ж. қызмет атқарады. 2020-2023 жж., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, резидентура «Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар» 2018-2020 жж., КеАҚ «Астана медициналық университеті», интернатура 2013-2018 жж., КеАҚ «Қарағанды медициналық университеті» бакалавриат
|
|
Нуржанова Наргиз Баходырқызы Бірінші санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері. ПБХҒО 2025 ж. бастап қызмет атқарады. 2014 ж. ҚМҰБУ балалар анестезиология-реаниматологиясы кәсіби қайта даярлау 2010 ж. UMC «АБҰҒО» неонатология мамандығына кәсіби қайта даярлау 2009-2010 жж., ОҚМФА балалар хирургиясы, интернатура 2003-2009 жж., ОҚММА «Педиатрия», бакалавриат
|
|
|
|
Досономанова Баян Алтайқызы Жоғары санатты аға мейірбике. ПБХҒО 2009 ж. қызмет атқарады 2024-2025 жж., ҚРМУ, «Мейірбике ісі» бакалавриат 2006-2009 жж., «Аяжан» медициналық колледж |








