Бүгін, 15 желтоқсан күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында егеменді еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. 

Жиынның ашылуында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрағасы Абай Құсайынов  барша қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, баға жетпес өлшеусіз еңбектерінезор алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барысында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан орталықтың бірқатар дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  және «AQNIET»   Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жоғары марапаттарына ие болып, құрметке бөленді.

?? Атап айтқанда, ҚР ДСМ-нің«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Педиатриялық блок басшысы Гүлмира Алтынбаева, Диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Альфия Назарова, Жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімінің дәрігері Кәмшат Урстемова,  Клиникалық-диагностикалық зертхананың лаборанты Ғалия Әлиева, Орталық мейірбикелері: Шаира Қаунбаева мен Гүлназат Әлімжанова марапатталды. 

Ал, «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хаттарымен: Қабылдау бөлімінің дәрігері Серік Ләйлім, бухгалтерГүлжамал ТұрысбековаФункционалды-диагностика бөлімініңмейірбикесіАйгүл Ахметжанова марапатталды. 

Барша марапат иелерін құттықтаймыз! 

Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбірей берсін! Балалар саулығы жолындағы қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз! Балалар ешқашан ауырмасын! Егемендігіміз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

#Педиатрияорталығы

#Тәуелсіздіккүні

#марапат

#медицина