18 қазан күні «Олжа» футбол алаңында Педиатрия орталығы қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті. Айтулы жарыс Республика күніне орай арнайы ұйымдастырылды.

Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 30-дан аса қызметкер қатысты.     Ақ халаттарын аяқ добына ауыстырған дәрігерлер тамаша ойын көрсетіп, барша қауымды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

Футбол ойыны қызықты да тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынға – Мейірағалардан құралған команда ие болды, 2 орынды «Дәрігерлер»  командасы иеленді, 3 орын - Резиденттер командасына бұйырды. Ал, төртінші орынды «Шаруашылық бөлімі»  командасы алды.

Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.     

«Қызметтен тыс, түрлі іс-шаралар әріптестікті арттырып, ұжымды ауызбіршілікке шақырады. Сондықтан, алдағы уақытта түрлі спорттық жарыстарды ұдайы өткізу жоспарымызда бар», деді Кәсіподақ мүшесі Сүндет Саргелов.

#футбол

#Педиатрияорталығы

#шахмат

#жарыс

#Республикакүні