Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы тарапынан қызметін бағалаудан сәтті өтті. Аккредиттеу комиссиясының шешімімен ОРТАЛЫҚҚА медициналық қызметтерді көрсету стандарттары мен өлшемдеріне сәйкестіктің ЕҢ ЖОҒАРЫ САНАТЫ берілді.

Айта кетейік, Аккредиттеу орталығы Қазақстандағы медициналық ұйымдарды аккредиттеуді іске асыратын жалғыз аккредиттеу ұйымы.

Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын беру пациент үшін қызмет көрсету сапасының, жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары стандартын айғақтайды және ең бастысы медициналық қызмет көрсету деңгейінің  жоғары екендігін дәлелдейді.

Клиника қызметіне бағалау 8-10 қыркүйек күндері жүргізілді. Ұлттық стандарттар бойынша ұйымдағы барлық бөлімшелер мен процестер бағаланды. Олар: стратегиялық және операциялық жоспарлау, емдеу және пациенттерге күтім жасау, пациенттердің, ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, сапаны, қауіптерді және ресурстарды басқару, пациенттердің құқықтарын сақтау, халықпен жұмыс жүргізу, кадр саясаты және т.б.

Құттықтаймыз! Орталық ұжымына үйлесімді жұмысы мен қажырлы еңбектері үшін зор алғысымызды білдіреміз!

#аккредиттеу

#Педиатрияорталығы

#категория

#Ұлттықаккредитация