15 тамыз күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Кардиохирургия бөліміне профессор, балалар кардиохирургиясы саласындағы жетекші әлемдік мамандардың бірі, Корольдік балалар ауруханасының (Royal Children's Hospital, Melbourne) кардиоторакальды хирургия жөніндегі кеңесшісі, Melbourne Center for Cardiovascular Genomics and Regenerative Medicine директоры Igor E. Konstantinov (Мельбурн, Австралия) жұмыс сапарымен келіп, қазақстандық дәрігерлермен кездесті.   

? Сапар барысында профессор И.Е.Константинов Орталықтың кардиохирургия бөлімін аралап, пациенттердің клиникалық жағдайларын егжей-тегжейлі талқылауға қатысты, одан әрі емдеу тактикасын анықтау бойынша ұсыныстар берді және күрделі жағдайларды басқарудың бірегей тәжірибесімен бөлісті.

? Шетелдік профессор туа біткен жүрек ақауларын хирургиялық түзету мәселелеріне ерекше тоқталды. Әсіресе, балалардың жүрек қақпақшаларына жасалатын реконструктивті операциялардың заманауи әдістеріне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, әлемге әйгілі білікті маман Орталықтың дәрігерлеріне «Балалардың жүрек қақпақшаларындағы реконструктивті операциялар» тақырыбында дәріс оқыды, онда заманауи ғылыми деректерді, халықаралық тәжірибені және өзінің көп жылдық тәжірибесінің нәтижелерін ұсынды.

Бұл кездесу бүкіл ұжым үшін маңызды оқиға болды. Ол Педиатрия орталығының кардиохирург мамандарының кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттырып, әлемнің жетекші орталықтарымен одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

? Халықаралық байланыс, тәжірибе алмасу және бірлескен жобалар –Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында  көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға және кішкентай пациенттеріміздің мүддесі үшін инновациялар енгізуге мүмкіндік береді.

Австралия елінен келген профессор Игорь Константиновқа қазақстандық дәрігерлермен баға жетпес тәжірибесімен бөліскені үшін зор алғысымызды білдіреміз!