26 мамыр күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні өтті.
Бұл күні ата-аналар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандарына балаларын тегін қаратып, кеңес ала алды. Ашық есік күні барлығы 70-тен аса балаға тегін консультациялар жүргізілді.
Педиатрия орталығының балалар педиатрлары — пульмонолог, гастроэнтеролог, кардиоревматолог, уролог, хирург, кардиохирург, невропатолог хирургы мамандары балалардың денсаулығын тексеріп, сырқауды емдеу бойынша ата-аналарға қажетті ақпараттарды берді.
Орталық мамандары шара аясында ата-аналармен бала емізу, дұрыс тамақтану, иммунопрофилактика, жеке бас гигиенасы, гаджеттердің өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін зияны туралы әңгімелер жүргізді.
#Ашықесіккүні
#Педиатрияорталығы
#Балаларкүні
#акция
#баласаулығы
#Дәрігербалалардыңжанашыры
#Қазақстанбалалары
#КДО