18 наурызда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Трансплантациялаудың трансфузиологиялық аспектілері» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шараның мақсаты – гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау кезеңдерін қамтамасыз етуді жақсарту.
Шеберлік сыныбын И.П.Павлова атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің клиникалық трансфузиология зертханасының меңгерушісі М.А.Эстрина өткізді.