Балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулар денсаулық сақтаудың ең қиын мәселелерінің бірі болып қала береді. Дегенмен, ерте диагноз қою сәтті емдеуде шешуші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың №63 тармағын іске асыру шеңберінде "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы"АҚ 03.03.2025 ж. бастап 05.03.2025 ж. аралығында Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысының Алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлеріне "Онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте диагностикасы" тақырыбы бойынша оқыту жүргізді. "ПБХҒО" АҚ базасында тегін негізде, 30 сағат көлемінде МСАК-тың 50 маманы оқудан өтті.
Онкологиялық және гематологиялық ауруларды ерте анықтаудың біліктілігін арттыру және сапасын жақсарту үшін "ПБХҒО" АҚ осы тақырып бойынша білім беру процесіне педиатрларды, жалпы практика дәрігерлерін және кіші мамандықтарды қоса алғанда, ҚР барлық өңірлерінен мамандарды оқытуды өткізуді жоспарлап отыр.
Оқыту аясында мамандар ерте диагностиканың заманауи тәсілдерін, соның ішінде басқа патологиялардың маскасымен жиі кездесетін аурулардың алғашқы клиникалық белгілерін тануды, зерттеу нәтижелерін дұрыс анықтауды, балаларды диагностикалау, емдеу және динамикалық бақылау бағытын, мамандандырылған орталықтарға жедел жіберу және мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету бойынша дәрістер алып, біліктіліктерін арттырды.