05.03.2025 жылы Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджиманің резиденциясында салтанатты жағдайда «KUSANONE (Корни травы/Шөп тамыры)» бағдарламасы конкурсының нәтижелері жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша екі ұйымға гранттар бөлінді: Жамбыл облысының ОДСБ «Облыстық қан орталығы» және «ПБХҒО» АҚ (Алматы қ.).

«KUSANONE (Корни травы/Шөп тамыры)» бағдарламасы – Жапония Үкіметінің адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде шағын ауқымды әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек көрсету бағдарламасы.

«ПБХҒО» АҚ-ға 74 900 АҚШ доллары сомасына эндоскопиялық лазерлік литотрипсия аппаратын сатып алу үшін грант бөлінді. Лазерлік литотрипсия – несеп-тас ауруы кезінде тастарды ұсақтаудың заманауи, жоғары технологиялық және перспективалы әдісі. Бұл әдіс алғаш рет Республикадағы балалар урологиясында қолданылатын болады. Бұл әдісті қолданудың ерекшелігі – жарақаттанудың төмендігі, жедел емдеу, операциядан кейінгі емдеу қаупін азайтады, операцияның өзін де, науқастың ауруханада болу уақытын қысқартады. Тараптар арасындағы Шартқа қол қоюға «ПБХҒО» АҚ Басқарма төрағасының клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асылжан Әбубәкірұлы Ерекешов қатысты, ол өз кезегінде Ясумаса Ииджима мырзаның атынан бүкіл Жапония халқы мен Үкіметіне үлкен алғысын білдіріп, аталған жабдық Қазақстан балаларының игілігі үшін пайдаланылатынын атап өтті.