26 ақпан күні Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Шәкірұлы  Нұрлыбаев Алматыдағы іссапары аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды.

Ержан Шәкірұлы Педиатрия орталығының жаңа туған нәрестелер, каррдиохирургия, №4 онкология реанимация бөлімдерін,  сонымен қатар, сәулелі диагностика (ангиография, КТ, МРТ), смарт-класс, дәрі-дәрмекерді дайындау, клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімдерін аралап көріп, клиниканың тыныс-тіршілігімен, сондай-ақ материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар, вице-министр Педиатрия орталығы басшылығымен кездесті. Кездесуде балалардың денсаулығын жақсарту, қызмет көрсету сапасын арттыру, материалдық-техникалық мүмкіндіктер, балаларға медициналық көмек көрсетудегі түрлі мәселелер, заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, онкогематология мен жалпы еліміздегі педиатрия қызметін дамыту перспективалары талқыланды. Ержан Шәкірұлы  Педиатрия орталығы басшылығымен кездесу барысында балаларға медициналық көмек көрсетуде кездесетін негізгі мәселелермен жіті танысып ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

Кездесу соңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Шәкірұлы   жыл сайын еліміздің әр түкпір-түкпірінен 6 мыңнан астам бала ем алатын республикалық орталықта  қызмет жасайтын барша дәрігерлерге алғыстарын білдіріп,  бала денсаулығын жақсарту жолында атқарып жатқан істеріне табыс тіледі.