Балалар онкогематологиясы мәселелері талқыланды

2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның балалар онкологтары мен гематологтарының алғашқы кәсіби қауымдастығы «ҚБОГҚ» Қоғамдық бірлестігі жұмыс істей бастады. 2025 жылдың 15 ақпан күні Астанада Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күніне арналғаналғашқы балалар онкогематологтарының конференциясы өтті.

Конференцияны ҚБОГҚ басқармасы мен «Педиатрия және балалархирургиясы ғылыми орталығы» АҚ ұйымдастырды. Конференцияға еліміздіңәр аймағынан барлық балалар онкологтары мен гематологтары, қоғамдыққорлар мен пациенттік ұйымдардың өкілдері, барлығы 140-тан астаммамандар қатысты. 

Конференцияға қатысушыларды Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Айтмағамбетов құттықтап, онкология мәселелеріне Үкіметтің үлкен көңілбөлгенін атап өтті.  Ол Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіұйымдастырған скринингтік бағдарламаларды кеңейту, көптеген мақсаттыпрепараттарды амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету деңгейіне көшіру, тарифтерді қайта қарау және т.б. іс-шараларды атап өтті. ҚР Денсаулықсақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар онкологы және гематологы, «ПБХҒО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Л.Н.Манжуоваонкологиялық және гематологиялық аурулары бар балалар терапиясыныңтиімділігіне қандай да бір жолмен әсер етуі мүмкін бірқатар проблемалардыкөтерді. 

Өткен жылдың тамыз айында Қазақстанда балаларға онкологиялық жәнегематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді. Стандартпен белгіленген нормативтерге сүйенетін болсақ, бүгінде елімізде 54 балалар онкологы мен гематологының тапшылығы бар. Балалар онкологиясыжәне гематологиясы мәселелері бойынша жыл сайын өткізілетін білім беру циклдарына қарамастан, онкологиялық сақтық пен онкологиялық жәнегематологиялық аурулардың ерте белгілерін оқытумен жалпы практика дәрігерлері мен педиатрлар ғана емес, сонымен қатар барлық сабақтасмамандықтардың дәрігерлері жеткіліксіз қамтылған. Елде онкологиялықжәне гематологиялық аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсетудіңкөп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді, көмек көрсетудің моделі мен бағытыәзірленді. Алайда, онкологиялық аурулардың белгілеріне, көмек көрсетубағыттарына халықтың хабардарлығының төмендігі байқалады, бұлақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігінің көрсеткіші.

Басқосуда сонымен қатар, балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумәселесі айтылды. Атап айтқанда, өңірлік мамандардың назарынамбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі өтінімдергеаудару қажеттігі белгіленді. Оңалту және паллиативтік көмек мәселелері де көтерілді. Конференцияның бір күнінде онкологиялық және гематологиялықауруларды диагностикалау мен емдеудің әртүрлі бағыттары бойыншабаяндамалар айтылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баяндаған жасдәрігерлердің баяндамалары көптің көңілінен шықты. Педиатрия орталығынан балалар онкологиясы мен гематологиясының өзекті мәселелері бойынша 5 баяндама дайындалып, ұсынылды. Түркиядан келген әріптестер (профессорлар Битуль Тавил және Омер Догру) Түрік елінің гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау бойынша жетістіктерімен бөлісті. 

Конференция аясында осы бағытта 40 жылдай жұмыс істеген балаларонкологтары мен гематологтары естелік сыйлықтармен және «Мамандыққаадалдығы үшін»  дипломдарымен, сондай-ақ Қызылорда облысының дәрігеріД.Б. Әубәкірова «Үздік өңірлік балалар онкологы және гематологы» дипломымен марапатталды.

Конференция жұмысы өте нәтижелі де жемісті өтті. Шара соңында саланыдамытудың мақсаттары мен перспективалары белгіленді.