There is no translation available.
Медицина саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы қандай?
6 Наурыз, 2025 / №10 (1790) 1-бет / «Ана тілі» ұлт газеті / Мақсат Шілдебаев, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі сарапшы маманы / пікір / Толығырақ:
https://anatili.kazgazeta.kz/news/63878
Мемлекеттік медициналық мекемелерде мемлекеттік тілді білу, құжаттарды сол тілде әзірлеу талабы жыл сайын артып келеді.
Құжат айналымы, құжаттама сапасын арттыру, қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру, медициналық мекемелердегі қазақ тілінің қолданыс аясы, медициналық терминдерді бірізгілендіру – бүгінгі өзекті мәселе. Осы мәселеде нақты қадамдарға барып, мемлекеттік тілді қолданысқа енгізуді кезең-кезеңмен іске асырып келе жатқан мекеменің бірі – Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.
Мемлекеттік тілді дамытудың алдағы жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес аталған мекемеде мемлекеттік тілде қызмет етуді қамтамасыз ету, қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттау, қызметкерлердің тілдік әлеуетін көтеру, медицина саласының терминологиялық базасын жүйелендіру және әрі қарай дамыту сияқты мақсаттар жүйелі түрде көзделген.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі сарапшы маманы Шілдебаев Мақсат Сейтімбекұлының Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген мониторинг нәтижесіне сүйеніп айтуынша медициналық ұйымдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тіл үлесінің жалпы пайыздық көрсеткіші артып келе жатыр.